Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыл шешімдер уақыты

Батыл шешімдер уақыты

Бүгін аудандық орталықтандырылған кітапханасында «Батыл шешімдер уақыты» тақырыбында жиын ұйымдастырылды. Шараға АЭС салу мәселесі бойынша қоғаммен байланыс жөніндегі штаб мүшелері, белсенді жастар және кәсіпкерлер қатысты.
Жиын барысында штаб өкілдері атом электр станциясын салудың маңыздылығы мен артықшылықтары туралы кеңінен баяндады. Олар АЭС төңірегінде туындаған негізсіз үрейлерді сейілтуге бағытталған маңызды ойларын ортаға салды, әрі станцияның экологиялық және экономикалық пайдасына тоқталды.
Сондай-ақ, кездесу барысында АЭС салу жөніндегі референдумның маңыздылығы да сөз болды. Штаб мүшелері Қазақстандағы демократиялық шешім қабылдау үдерісіне тоқталып, референдумның халықтың пікірін ескерудегі рөлін ерекше атап өтті.
Қатысушылар Ел Президентінің бұл бастамасын толықтай қолдайтындықтарын білдірді.

"Толқын" ақпарат
18 қыркүйек 2024 ж. 99 0