Көпшіліктің қолдауы бөлек
Таңмен таласа тұрып, саяси науқанға өзінің азаматтың ұстанымын көрсетіп, таңдау жасау үшін келген көпшіліктің қарасы қалың. Олар өз учаскісінде дауыс беріп, бұл күннің маңыздылығын сөз етті. Бірлесе шешкен мәселе әрдайым алға бастары анық. Сондықтан референдум туралы шешімді құптап, дауыс бердім ,- дейді жіңішкеқұмдық Батыр ана Жанаркүл Қарымсақова.