Аманөткелде жаңа сауда үйі ашылды

Аманөткел ауылындағы жеке кәсіпкер Ержан Смағұлов пен Айдана Алдамжарованың «Ақжүрек» сауда үйі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауыл тұрғындарына есігін айқара ашты. Тұрмысқа қажетті түрлі өнімдер қамтылған сауда үйінің жанында шаштараз және сұлулық салондары жұмыс істейді.
Жаңадан бой көтерген сауда үйінің ашылу салтанатында ауыл әкімі Қ.Әбдіраманов сөз алып, кәсіп бастаушы азаматтардың ісіне сәттілік тілеп, ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Жеке кәсіпкер Е.Смағұлов халыққа қызмет істейтін кәсіпкерлік нысанға ауылдың 4 тұрғыны жұмыспен қамтылғанын айтып, сауда үйі халық үшін үздіксіз жұмыс істейтінін жеткізді.
