Қылмыстық ахуал тұрақты бақылауда
«Қызылорда облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі» Үйлестіру кеңесі хаттамалық шешіміне сәйкес «Ағымдағы жылдың қорытындысымен қала, аудан әкімдерінің жанында жергілікті полиция қызметінің аумақтағы басшыларының есеп берілуін қамтамасыз ету» тапсырылған болатын.
Осыған сәйкес, Арал аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметімен жыл басынан бері атқарылған жұмыстары жөнінде қорытынды есебі тыңдалды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев төрағалық етіп, жыл жігіндегі әрбір қорытынды жиынның нәтижесі ескерілетінін жеткізді.
Сөз кезегін алған Арал ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Н.Тасқынбаев аудандағы қылмыстық ахуал бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Айтуынша аудан көлеміндегі қылмыстық көрсеткіш ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша -4,9 пайызға төмендегенг. Бұл – жақсы көрсеткіш. Дегенмен, кейбір қылмыс түрлері ішінара өсім алғандығы айтылды. Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы бұдан өзге де сала бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Жұмаханұлы жиын барысында қоғамдық тәртіп басты назарда болу керектігін айтып, тиісті жұмыстарды атқару барысында олқылықтарға жол берілмеу керектігін жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі