КІТАП КӨРМЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қоғам қайраткері ретіндегі еңбегі туралы очерктер мен естеліктер оқырмандар назарына ұсынылды. Көрмеге қойылған кітаптардың ішінде Елбасының қатысуымен мемлекет ішінде және шет елдерде өткен басты іс-шаралар жайлы, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың аса маңызды баяндамаларының мәтіндері, түрлі анықтама материалдар қамтылған.
Нұр-Сұлтан қаласы – тәуелсіз әрі егемен мемлекеттің бүгінгі және болашақтағы саяси, экономикалық һәм мәдени орталығы ретінде қанат жайып келеді. Халқымыздың мәдени өмірінің орталығы - Елордадағы мәдениет ошақтары жайлы құнды деректер де осы көрмеде топтастырылған.