Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жәнібек Әлімханұлын кезекті жеңісімен құттықтады

Президент Жәнібек Әлімханұлын кезекті жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлын кезекті жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: qaz.ulysmedia.kz
06 сәуір 2025 ж. 51 0