Кезек күттірмейтін мәселелер кеңес отырысында қаралды

Күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралды:
- Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық мәселелері жөнінде;
- Халықаралық зерттеулерге (PIZA, МОДО) дайындық шаралары жөнінде;
- Педагог кадрларды аттестациялау;
- «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының орындалуы, ыстық тамақтың ұйымдастырылуы;
Келелі кеңесте бөлім басшысы Санира Нұрқожақызы аталған мәселелерге жеке-жеке тоқталып, саладағы көрсеткішті көтеру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілу керектігін жеткізді. Сондай-ақ оқушылардың пәндік олимпиада мен ғылыми жобаға қатысуы және нәтижеге жетуі мен педагогтардың кәсіби біліктілігін үздіксіз арттырып отыру керектігінде тілге тиек етті. Қаржы игеру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және тазалық жұмыстарына да ерекше тоқталып, тиісті жұмыстар үздіксіз жүргізілу керектігі тапсырылды.
Жиын соңында директорлар тарапынан пікірлер айтылып, ұсыныстар назарға алынды.


