Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жер және тұрақты жұмысқа орналасу мәселелерін көтерді. Қабылдауға онлайн қосылып, өзінің ұсынысын жеткізген тұрғын да болды. Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесіне жеке тоқталып, заңдылыққа сәйкес түсіндіріп өтті.
Жұмыссыздық мәселесін көтерген тұрғындарға, бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті сала басшысына тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімі өз ұсыныстарымен келген иневесторлардың жобасымен танысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына септігі тиетін ауқымды жобаларды қолдауға дайын екендігін жеткізді.
Сонымен қатар іскер азаматтардың ұсынысына назар салып, барлық мәселеде заң аясында әрекет ету керектігін атап өтті. Қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды.



