Электронды құжат айналымы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

– Құрметті әріптестер, өздеріңіз білетіндей 2021 жылдан бастап «Е-архив» ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл ақпараттық жүйе арқылы архив құжаттары электронды нұсқаға ауыстырылып, тиімділігін көрсетті. Атап айтқанда, мемлекеттік және ведомстволық архивтердің бірнеше модульдері бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Заман талабынан туындайтын осындай жүйелердің кедергісіз жұмыс істеуіне біз әрқашан мүдделі болуымыз керек, – деді аудан әкімі аппаратының басшысы.
Семинарға арнайы келген Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің директоры Жанат Абзалиева, Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Сандуғаш Жаңабаева және Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Ақкүл Бекмағамбетова арнайы баяндама жасап, электронды құжаттардың бірыңғай архиві бойынша мамандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тәжірибе алмасты.

