Кеше оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі, аудандық білім бөлімі және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен құрылған арнайы рейдтік топ аудан орталығында кешкілік рейд жұмыстарын жүргізді.Рейд барысында жастардың беймезгіл уақытта көшеде жүруіне тыйым салынатыны және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 23:00-ден кейін ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз көшеде болуына жол берілмейтіні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және оқыс оқиғалардың алдын алу үшін автокөлік шеруіне жол берілмейтіндігі қатаң ескертілді.Сондай-ақ, кешкі сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында болмауы және кафе мен мейрамханаларда рұқсатсыз жиындар ұйымдастырылмауы қажеттігі де ескертілді.


"Толқын" ақпарат