Бюро отырысында фракция жұмысы сараланды

Атап өтейік, Қызылорда қалалық мәслихатындағы 23 мандаттың 82,6 пайызын «AMANAT» партиясы мүшелері құрайды. Есепті кезеңде депутаттық фракцияның 1 отырысы өткізіліп, онда партияның Жол картасының 2025 жылы Қызылорда қаласында орындалуы тиіс шаралары мен сайлаушылар тарапынан түскен талап-тілектердің іске асуы талқыланған.
«Жыл басынан Жол картасының биылға жоспарланған 72 іс-шараның 12,5% орындалса, 63 іс-шара орындалу үстінде. Сайлау науқаны кезінде тұрғындар тарапынан түскен 166 ұсыныс, талап-тілектің 96% жүзеге асты. Фракция мүшелерінің қатысуымен партиялық жобалар аясында 28 іс-шара ұйымдастырылды. Партия алаңында фракция мүшелерінің қатысуымен 37 қоғамдық қабылдау өткізіліп, азаматтардан түскен 185 өтініштің 87,5 пайызы оң шешілді. Бұл бағыттағы жұмыстар фракция мүшелерімен жалғаса беретін болады», – дейді жиында есеп берген депутаттық фракция жетекшісі Талғат Мақаш.
Жиын барысында сөз алған партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов фракция мүшелерінің жұмысына жүргізілген мониторинг қорытындысымен таныстырып, фракция мүшелерінің жұмысын жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
«Депутат – халықтың талап-тілегін, күрделі мәселелерін жоғарыға жеткізіп, оның оң шешілуіне ықпал жасаушы тұлға. Депутаттық қызмет – мансап емес, ол үлкен жауапкершілік. Сондықтан әр депутат жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Оның ішінде халық алдында есеп беріп, бастауыш партия ұйымдарында кездесулер өткізу, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуына бақылау жасау, жеке қабылдаулар өткізіп, сайлаушылар өтініштерінің оң шешілуіне ықпал ету, депутаттық сауалдар, атқарылған жұмыстарды БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттап отыру мәселелері күн тәртібінен түспеу керек. Сәйкесінше әр тоқсан сайын мәслихаттағы фракцияда, жарты жылда бір рет Саяси кеңес бюросында депутаттардың атқарған жұмыстарының есебі тыңдалуы керек», – деді Алмасбек Есмаханов.
Жиын барысында айтылған ұсыныстар хаттамаланып, жұмыс барысында ескерілетін болды.
syrboyi.kz
Фото: «AMANAT» партиясы