"Қамбаш" жазғы тынығу лагерінің ашылу салтанаты өтті

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев қатысып: «Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, асыға күткен жайдары жаз мезгілі де келіп жетті. Жадыраған жазғы демалыс – барлық балалардың сағына күтетін айрықша сәті. Жазғы демалыстарыңыздың әрбір күнінің естен кетпестей қызықты сәттерге толы болуына тілектеспін. Тынығу лагерінде жаңа достар тауып, ауызбіршілік пен ынтымақтың ұйытқысы бола біліңіздер. Дендерің сау, оқуда озат болыңыздыр!», - деп жылы лебізін жеткізді.

Сонымен бірге, аудандық аудандық мәслихат төрағасы Б. Төреахметов пен аудандық білім бөлімінің басшысы С. Жанназарова қатысып, балалардың қызықты демалыс өткізуіне тілектестік білдірді.
Салтанатты кеште орталық тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салып, мыңбұрылған бишілер мен жезтаңдай әншілер көрермендер көзайымына айналды.
Шарада лагердің алғашқы легіне келген тынығушылар кешкілік алау отын тұтандырып, естеліктерімен бөлісті. Мерекенің соңы әсерлі от шашумен аяқталды.
Атап өтейік, «Қамбаш» жазғы тынығу лагері биылғы жылы 7 ауысым бойынша 1000-нан астам баланы жазғы демалыспен қамтиды. Ал бүгінгі тынығу лагерінің алғашқы ауысымына 130 бала қабылданды."Толқын" ақпарат
Фото: Арал ауданы әкімдігі