Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер марапат төрінен көрінді

Мемлекеттік қызметшілер марапат төрінен көрінді

Кеше аудандық мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» атты салтанатты шара өтті.

Мемлекеттік қызметші – елдің бірлігіне, тұрақтылығына, татулығына дем беретін, халықтың қамын ойлайтын әділдігімен, қайырымдылығы қатар жүретін тұлға. Ел дамуы жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтардың құрметіне шымылдық түрген шарада мемлекеттік қызметшінің өмірлік ұстанымы үндескен, қызметтегі бір күндік өмір бейнеленген арнайы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

Салтанатты кешке арнайы қатысқан аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев мемлекеттік қызметшілерді арнайы құттықтап, ел дамуы жолындағы еселі еңбектеріне ризашылық білдірді.
– Құрметті мемлекеттік қызметшілер, қадірлі әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын! Кез келген қоғамда мемлекеттік қызметшілердің атқаратын рөлі – ерекше. Мемлекеттік қызмет – барлық басқару жүйесіндегі жетекші рөл атқаратын мемлекеттің ең маңызды тетіктерінің бірі. Турасынан айтқанда мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін танытып, іскерлік қабілетін көрсететін тұлға, мемлекеттік саясатты алға жылжытатын қозғаушы күш болып табылады. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Жаңа Қазақстанды құруды мұрат еткен жасампаз халқымыздың жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жұмыстарыңыз жемісті болсын! Арал ауданының өркендеуі мен ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңіз толағай табыстарға толы болғай, – деді аудан әкімі.

Көпшілік көңілін көтерген мерекелік шарада мемлекет ісінде табанды еңбек етіп, адал қызметі арқылы халық сенімінен шығып жүрген бір топ мемлекеттік қызметшілер облыс және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы А.Ерекееваға «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісі табысталды.

Мазмұнға бай салтанатты шара соңы сала мамандарының және аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

24 маусым 2025 ж. 55 0