Фракция мүшесі Жақсықылыш кентінің тұрғындарымен жүздесті

Сайлаушылармен кездесу барысында депутат сайлауалды бағдарлама аясында атқарылған жұмыстарды баяндады.
Кент бойынша бүгінгі таңға дейін Сайлауалды бағдарлама аясында бірқатар нысандар бой көтеріп, халық игілігін көруде. Соның бірі Жақсықылыш кентіндегі денешынықтыру кешені 2024 жылы пайдалануға берілген болатын. Сонымен қатар кездесу барысында фракция мүшесі кент тұрғындарының өтініш -тілектерін тыңдап, тиісті мәселелер бойынша түскен өтініштерді алдағы уақытта назарға алатынын жеткізді.

#AMANAT