Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина қызметкерлеріне құрмет

Медицина қызметкерлеріне құрмет

Елімізде маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлері күні. Бұл күн елімізде 1998 жылдан бері атап өтіліп келеді. Осы кәсіби мерекеге орай бүгін «АМАNАТ» партиясы Арал аудандық филиалы "Аудандық Аурухана" "Аудандық Диагностика" бастауыш партия ұйымдары мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге партия филиалының төрағасы Төрахметов Базарбай Шөменұлы қатысып, жауапты міндет арқалаған ақ халатты абзал жандарды мерекелерімен құттықтады.
Шара барысында филиал төрағасы бірқатар денсаулық саласының қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыстап, сый-сияпаттар жасады.

#АМАНАТ
26 маусым 2025 ж. 46 0