Аудан әкімі тұрғындарды кезектілік тәртібімен қабылдады

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу және өзге де әлеуметтік мәселелер бойынша өз өтініштерін жеткізді. Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесіне жеке тоқталды. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғалар тарапынан заңдылыққа сәйкес түсінік берілді.
Жұмыссыздық мәселесін көтерген тұрғындарға, бүгінгі таңда аудан бойынша бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мәселесін шешу үшін тиісті сала басшысына тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу қажеттігін тапсырды.



Аудан әкімінің баспасөз қызметі