Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді

Комиссия отырысын партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ембергенова Нұрсауле Сайлауқызы ашып жүргізді.
Сондай ақ, отырысқа аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
1. Арал ауданы бойынша білім бөлімінің жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары мен жыл көлемінде атқарылатын жұмыстар туралы.
2. Арал көпсалалы колледжінің жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары мен «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында атқарылатын жұмыстар туралы.
3. Арал индустриалды – техникалық колледжінің жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары мен «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында атқарылатын жұмыстар туралы..

Аталған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шақырылған білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының өкілдері хабарлама жасап, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Отырыс соңында көтерілген мәселелер бойынша қаулылар қабылданып, тиісті мекеме басшыларына ұсыныстар берілді.
#AMANAT