Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік саланы дамыту бойынша семинар-кеңес өтті

Әлеуметтік саланы дамыту бойынша семинар-кеңес өтті

Кеше Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында әлеуметтік саланың өзекті мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңестің секциялық отырысы ұйымдастырылды.

Жиынға ҚР Парламенті Сентаының және Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, сондай-ақ министрліктер мен орталық атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Сонымен бірге еліміздің барлық өңірлерінен келген делегация мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары да бас қосты.

Семинар барысында әлеуметтік саладағы мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру мәселелері қаралды. Оқу-ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және құрылыс бағыттары бойынша вице-министрлер баяндама жасады. Сонымен қатар «Отбасы банк» төрайымы Ләззат Ибрагимова мен «НИТ» АҚ өкілі Әділет Айсаутов тәжірибелерімен бөлісті.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен Мейрамбек Шермағанбет әлеуметтік саланы дамытудағы өңірдің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.

Кеңесте көтерілген ұсыныстар әлеуметтік саясаттың сапасын арттыруға және халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін жақсартуға бағытталатыны атап өтілді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі 

28 тамыз 2025 ж. 103 0