Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Арал аудандық мәслихаттағы “AMANAT” партиясы фракциясының мүшелері аудан орталығындағы әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығын тексерді.

Топ мүшелері мектептер мен балабақшаларды аралап, қазандықтардың жұмыс жағдайымен, отын қорының жеткіліктілігімен танысты. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық талаптардың орындалуы мәселелері назарға алынды.
Кездесу барысында білім беру мекемелерінің қысқы маусымға дайындығы және аудан халқын ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Фракция өкілдері жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жылыту маусымының уақтылы әрі сапалы басталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
#AMANAT
19 қыркүйек 2025 ж. 76 0