Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда сенбілік жұмыстары қарқынды ұйымдастырылды

Аралда сенбілік жұмыстары қарқынды ұйымдастырылды

Бүгін аудан көлемінде кезекті сенбілік өткізілді. 
Қала тазалығына үлес қосқан азаматтар белгіленген сектор бойынша аудан орталығындағы түрлі қоғамдық орындар мен мекемелер аумағын ретсіз тасталған қоқыстардан тазалады.
Тазалық жұмыстары барысында көше бойлары, қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандардың төңірегі ретсіз тасталған күл-қоқыстар мен керексіз заттардан тазартылды.
Ауданның тазалығы бір реттік немесе бір айлық шаралармен шектеліп қалмайтыны белгілі. Барша туған жеріне, өсіп-өнген ортасына жанашырлықпен қарайтын жерлестерімізді тазалық мәселесіне ерекше ден қойып, біркісідей атсалысып, ауданымыздың келбетін келісті етуге үлес қосуға шақырамыз.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
20 қыркүйек 2025 ж. 314 0