Алдағы міндет айқындалды

Биылғы жылы 983 гектар жерге егіс егіліп, 4 мың тоннадан астам өнім алынды. Дегенмен кейбір ауылдық округтер бойынша берілген меже толық орындалмағандығы байқалады. Су үнемдеу технологиясын енгізу жұмыстары да қаралды. Айталық, осы мақсатта биылғы жылы су үнемдеу технологиясымен 240 гектар жерге егіс егілген. Осы және өзге де ауыл шаруашылығы саласындағы ауқымды жұмыстар жиын барысында пысықталып, аудан әкімі тарапынан жауапты тұлғаларға тапсырма жүктелді.
Жиында «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы мен аудан аумағында 2024-2025 жылдардағы қыс-көктем мезгілдерінде су тасқынының алдын алу бойынша ұйымдастырылған кешенді шаралардың барысы талқыланды. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Ш.Есжанов жан-жақты мәлімет беріп, дария бойындағы елдерге қорғаныс бөгеттерінен ешбір қауіптің жоқ екенін баяндады.
Аудан әкімі су тасқынының алдын алу бойынша дайындық жұмыстары жүйелі әрі дер кезінде ұйымдастырылу керектігін баса айтып, ахуалды бақылауға алуды тапсырды.


Мұнан өзге алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары мен «Таза Қазақтан» экологиялық акциясының жүзеге асырылу барысы туралы айтып, жол берілген кемшіліктерге байланысты бірқатар ескертулер жасады.
Жиын соңында қолға алынып жатқан жұмыстарды әлі де жандандыру керектігін айтқан аудан басшысы Аманжол Сақыпұлы тапсырмалардың уақытылы әрі тиянақты орындалуын бақылауға алуды салаға жетекшілік жасайтын аудан әкімінің орынбасарларына жүктеді.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы