Бүгін – Халықаралық қарттар күні

Бүгінде Қазақстанда зейнеткерлер үшін түрлі әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Елордада ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары», өңірлерде қолға алынған клубтар мен секциялар қариялардың бос уақытын тиімді өткізуге, денсаулығын нығайтуға, қоғаммен араласуына мүмкіндік беріп отыр. Мұндай жобалар олардың өмірге деген құштарлығын арттырып, әлеуметтік оқшауланудан сақтайды.
Алайда қарттарға жасалатын ең үлкен көмек – тек мемлекеттік қолдау емес, отбасының жылуы. Немере сүйіп, балаларымен бірге болу, шаңырақтағы сыйластық – олар үшін ешбір әлеуметтік жеңілдікпен салыстыруға келмейтін бақыт.
Халықаралық қарттар күні – әрқайсымызға ата-әжелеріміздің алдындағы парызымызды еске салар күн. Бүгін ғана емес, әр күні қарттарымызға көңіл бөліп, қолдау көрсетіп жүрейік. Өйткені бүгінгі қарт – кешегі жас, ал ертеңгі күннің қарты – бүгінгі біз.
Фото: Н. Нұржаубай