Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Бүгін Республика күні мерекесіне орай Арал қаласындағы «Рәміздер алаңында» Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.Елдік рух пен ұлттық бірегейлікті айшықтаған шарада Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, Гимн шырқалды.
Салтанатты жиынға аудан әкімі А. Оңғарбаев, аудан ардагерлері, жастар өкілдері, төтенше жағдайлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ спорт, білім және денсаулық сақтау салаларының мамандары қатысты.
Мерекелік шара патриоттық әндер айтылған аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі








