Мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижелері кәсіпкерлер алаңында көрініс тапты
Арал ауданындағы жұмыс сапарында партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай аудандық мәслихаттың және партия филиалының төрағасы Базарбай Төрахметовпен бірге «Ауыл аманаты» жобасының тиімділігін насихаттауға бағытталған кәсіпкерлер көрмесін тамашалады.Көрмеде «Ауыл аманаты» бағдарламасы мен шағын қайтарымсыз несие тетіктері арқылы кәсібін бастаған тұрғындардың өнімдері мен жобалары көпшілік назарына ұсынылды. Ауыл шаруашылығы, өңдеу, қызмет көрсету және шағын өндіріс бағытындағы бастамалар өңірдегі кәсіпкерліктің жаңа серпін алғанын айқын көрсетті.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікке деген қызығушылығы артып келе жатқаны, өз ісін бастауға деген ынтаның күшейгені байқалды. Қатысушылар дайын өнімдерін таныстырып, мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асқан жобаларының нәтижесімен бөлісті.
Жандос Нұртайұлы ұсынылған бастамалардың жергілікті экономиканы дамытуға, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға және табыс көзін арттыруға оң әсер ететінін атап өтті.
Айта кетейік, өткен жылы Арал ауданында партияның «Ауыл аманаты» жобасы аясында жалпы құны 341,56 млн теңгені құрайтын 53 жоба қаржыландырылған. Сонымен қатар 164,0 млн теңге көлеміндегі 24 жоба комиссия қарауына ұсынылып, оның 87,7 млн теңге болатын 15 мақұлданды. Қазіргі таңда қаржысы игерілуде. Нәтижесінде қолдау тапқан жобалардың жалпы саны 68-ге, ал қаржыландыру көлемі 429,26 млн теңгеге жетті.
#AMANAT











