Отбасын қолдау орталығы көптеген жанға көмек көрсетуде
Бүгінде аудан орталығында жұмыс істеп тұрған Отбасын қолдау орталығы мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде өмірлік қиын жағдайға (ӨҚЖ) тап болған адамдарға (отбасыларға) кешенді қызметтер көрсету кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыратын жұмыс органы болып табылады.2023 жылы жұмысын бастаған бұл орталықтың негізгі мақсаты өтініш білдірген адамдарды (отбасыларды), оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) жан-жақты қолдау және отбасының әл-ауқатын арттыру.
Орталық қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға сапалы көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау, білім беру және ішкі істер органдарымен ведмствоаралық үйлестіру жұмыстарын бірлесіп жүргізуде. Қазіргі таңда, мобильді топтар өз жұмыстарын бастап, отбасының цифрлық картасындағы Д,Е «мүшкіл» және «дағдарыстық» санаттағы адамдарды (отбасыларды) «жақсы» санаттарға көшіру бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде.
Орталық жұмыстарды кең көлемінде ұйымдастыру үшін, Еңбек министрлігінің Біріңғай цифрлық платформасы арқылы әлеуметтік қолдау шараларының бизнес-процестерін цифрландыру (FSM Social мобильдік қосымша арқылы) бағытындағы қолдау шаралары бойынша жаңа моделі енгізілді. Қазіргі таңда, Орталық қызметкерлері мен мобильді топ мүшелерімен бірлесіп өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау шараларына тарту мақсатында FSM Social мобильдік қосымша арқылы жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау және оларға кешенді қызметтер көрсету бағытында FSM Social мобильдік қосымша арқылы 66 сигнал қабылданды.
2025 жылы 300-ге жуық адам Орталық қызметіне жүгініп, олардың қажеттіліктеріне қарай, әлеуметтік қызмет алуына және жәрдемақы тағайындалуына көмек берілді. Сондай-ақ азаматтарға психологиялық, құқықтық және медиаторлық кеңес, қайырымдылық, демеушілік көмектер, қоғамдық жұмысқа орналасуға және кәсіпке ынтасы бар азаматтарға қайтарымсыз грант алып беру бойынша түрлі қызметтер көрсетілді.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.
"Толқын" ақпарат













