Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары бойынша комиссия отырысы өтті

Мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары бойынша комиссия отырысы өтті

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаевтың төрағалығымен көктемгі әскери қызметке шақыру жұмыстарына дайындық туралы комиссия отырысы өтті.

Комиссия отрысына дәрігерлік комиссия мүшелері, әскери есеп мамандары және кент, ауылдық округ әкімдері онлайн режимде қатысты.

Жиында алдымен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А.Жансейтов «2025 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының қорытындысы мен алдағы міндеттер» бойынша баяндама жасады.

Аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев көтерілген мәселе бойынша баяндамашының мәлімдемесіне назар аударып, бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жандандыру керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 ақпан 2026 ж. 55 0