Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті

8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күніне орай мерекелік концерт өтті

З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев қатысып, нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Мерекелік жиында әйел-аналардың қоғамдағы орны мен отбасы тәрбиесіндегі ерекше рөлі атап өтілді. Қазақ халқы қашанда әйел затын ардақтап, ананы шаңырақтың шырағы, тіршіліктің тірегі деп бағалағаны айтылды. Сонымен қатар тарихта елге үлгі болған аналар мен батыр қыздардың өнегелі жолы сөз болды.
Шара барысында ауданның дамуына үлес қосып жүрген аналар мен қыз-келіншектердің еңбегі ерекше атап өтілді. Бүгінде аудан халқының елеулі бөлігін әйелдер құрайтыны, олардың мемлекеттік қызмет, білім, медицина, мәдениет және кәсіпкерлік салаларында белсенді еңбек етіп жүргені айтылды.

Сондай-ақ ауданымызда көпбалалы аналардың қатары жыл сайын артып келе жатқаны, олардың ішінде «Батыр ана», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері бар екені де атап өтілді. Бұл – аналардың отбасы мен қоғам алдындағы ерекше еңбегінің айғағы екені жеткізілді.

Мерекелік концерт барысында аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, аналар мен қыз-келіншектерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында барша әйелдер қауымына зор денсаулық, отбасыларына амандық пен береке тілеп, мерекелік ізгі лебіздер білдірілді.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 наурыз 2026 ж. 72 0