Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың кезекті 31 сессиясы өтті

Фото: Облыстық мәсхилат
Кеше облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезекті 31 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының басшысы, облыстық департамент және басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында кеңінен жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылған болатын.
Сессия барысында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде өңірде ауқымды жобалардың табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, алдағы уақытта депутаттармен ынтымақтастықта аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде жалғастыру, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін нақты әрі тиімді шешімдерді бірлесіп қабылдау маңызды екенін жеткізді.
Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов жуырда өткен республикалық референдумда Сыр жұртшылығының белсенді қатысып, берекелі бірліктің үлгісін көрсеткенін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта мәслихат депутаттарымен бірлесе Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне бағытталған барлық бастамалар мен жобаларды сапалы әрі жүйелі жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды.
Сессия соңында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданды.

syrboyi.kz

21 наурыз 2026 ж. 53 0