Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Аралда сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Бүгін аудан көлемінде кезекті сенбілік жұмыстары өткізілді.

Қала тазалығына үлес қосқан азаматтар белгіленген сектор бойынша аудан орталығындағы түрлі қоғамдық орындар мен мекемелер аумағын ретсіз тасталған қоқыстардан тазалады.

Тазалық жұмыстары барысында көше бойлары, қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандардың төңірегі ретсіз тасталған күл-қоқыстар мен керексіз заттардан тазартылды.
Ауданның тазалығы бір реттік немесе бір айлық шаралармен шектеліп қалмайтыны белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғасатын болады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

28 наурыз 2026 ж. 64 0