Облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта бақылау жүргізілді
Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына мониторинг жүргізді.Маниторинг барысында Өкіл Орталықтың материалдық-техникалық жай-күйімен, стационарлық бөлімшелердің жағдайымен, пациенттерді орналастыру талаптарымен, палаталардың жабдықталуымен, санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуымен, төсек-орын және қажетті құралдармен қамтамасыз етілуімен, сондай-ақ тамақтандыру мен медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырылуымен танысты.
Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету барысында пациенттердің құқықтарының сақталуына, емдеу үдерісінің ұйымдастырылуына, медициналық қызметтердің қолжетімділігіне және көрсетілетін қызметтердің сапасына назар аударылды.
Мониторинг қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және науқастардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті ұсынымдар жолданатын болады.










