Ұлттық рухты ұлықтаған "Жігіт сұлтаны – 2026" байқауы өтті
“AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалына қарасты “Сексеуіл” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Сексеуіл кентіндегі білім беру ұйымдары арасында “Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында “ЖІГІТ СҰЛТАНЫ – 2026” атты тағылымы мол, мазмұны терең байқау жоғары деңгейде өтті.Ұлттық болмысты дәріптеу, қазақ жігіттеріне тән парасаттылық пен өнерді, білім мен тәрбиені насихаттау мақсатында өткен байқау көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Кеш барысында ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталып, жас ұрпақтың бойындағы отансүйгіштік қасиет пен шығармашылық қабілеттер айқын көрініс тапты.
Салтанатты шараның ашылуында “Сексеуіл” бастауыш партия ұйымының төрағасы Еркебұлан Бауыржанұлы Аяғанов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде ұлттық мұраны ұлықтау – келер ұрпақ алдындағы маңызды міндет екенін атап өтіп, жастардың осындай байқаулар арқылы рухани тұрғыда шыңдалатынын жеткізді.
Байқау 5 кезеңнен тұрып, қатысушылар әр кезеңде өздерінің жан-жақты қабілеттерін ортаға салды. Үміткерлер өзін таныстыру, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, өнер көрсету, сахналық қойылымдар ұсыну және заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып тың идеяларын көрсету арқылы көпшіліктің ықыласына бөленді. Әсіресе ұлттық-патриоттық бағыттағы көріністер мен тәрбиелік мәні зор өнер көрсетілімдері көрермендердің ыстық қошеметіне ие болды.
Сайыс барысында қатысушылар тек өнерімен ғана емес, өздерінің мәдениетімен, тапқырлығымен, білімділігімен және сахна мәдениетімен ерекшеленді. Қазылар алқасы әр қатысушының дайындығына әділ бағасын беріп, нәтижесінде үздіктер анықталды.
Пікір қалдыру












