Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Райым елді мекенінде мобильді қабылдау өткізілді

Райым елді мекенінде мобильді қабылдау өткізілді

Бүгін Райым елді мекенінде мобильді қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдауға аудандық мәслихаттың және партия филиалының төрағасы Базарбай Шөменұлы Төрахметов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Мырзағұлұлы Қанатов және аудандық мәслихат депутаты Болатбек Ғалитұлы Алипов қатысты.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерінің жеке мәселелері бойынша сұрақтарын қойды. Әрбір тұрғынның өтініші мұқият тыңдалып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар билік пен халық арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулердің ауыл өміріндегі түйткілдерді дер кезінде шешуге ықпал ететінін жеткізді.

Мобильді қабылдаудың басты мақсаты – шалғай елді мекен тұрғындарының мәселелерін жергілікті жерде тыңдап, нақты көмек көрсету, халықпен кері байланысты күшейту және тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету болып табылады.
22 мамыр 2026 ж. 40 0