“QAISAR” ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
Жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, әскери тәртіп пен азаматтық жауапкершілікті насихаттау мақсатында “AMANAT” партиясы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “QAISAR” әскери-патриоттық жобасы аясында тағылымды шара ұйымдастырылды.Атап айтқанда, “Вокзал” бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдерге арналған шеберлік сағаты өткізіліп, оған белсенді жастар қатысты.
Шара барысында қатысушыларға әскери-патриоттық тәрбиенің маңызы кеңінен түсіндіріліп, Отан алдындағы борыш, елге адал қызмет ету, тәртіп пен жауапкершілік қағидалары жөнінде мазмұнды пікірлер айтылды. Сонымен қатар, әскери салаға қызығушылық танытып жүрген жастарға алғашқы әскери дайындық бағытындағы тәжірибелік кеңестер беріліп, түрлі бағыттағы машықтар көрсетілді.
Шеберлік сағатында әскери тәртіпке баулу, саптық дайындық элементтері, төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәсілдері және командалық үйлесімді қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің сұрақтарын қойып, әскери қызметтің қыр-сыры жөнінде пайдалы ақпарат алды.












