Балалар мерекесі аталып өтілді
Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан орталығындағы Балықшылар алеясында "Бақытты балалық шақ" атты мерекелік шара ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйланды.Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев балалар мен олардың ата-аналарын маңызды мерекемен құттықтады. Өз сөзінде жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін қолайлы жағдай жасау, олардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына мүмкіндік беру әрдайым басты назарда екенін атап өтті.
Мұнан соң аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова алғыр да, ұқыпты, білімді әрі белсенді балдырғандардың жетістіктеріне тоқталып, шат көңілді балаларды мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік жиында бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, балалар шаттыққа бөленді.
Мұнан бөлек отбасылық сайыстар өткізіліп, өнерлі балалардың түрлі жанрдағы шығармалары көпшілік назарына ұсынылды.
Халықаралық балаларды қорғау күні – әр баланың бақытты балалық шаққа, сапалы білімге және жан-жақты дамуға деген құқығын дәріптейтін маңызды мереке. Мереке қарсаңында ауданда түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастырылып, әрбір бала шаттыққа бөленді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі














