Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Эпидемиологиялық ахуал бойынша жұмысты жандандыру мәселесі талқыланды

Эпидемиологиялық ахуал бойынша жұмысты жандандыру мәселесі талқыланды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселелеріне байланысты мәжіліс өтті.
Жиында өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, аурудың алдын алу шаралары, кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру және жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралды.
Мәжіліс барысында көктемгі залалсыздандыру жұмыстарының нәтижелері мен кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жайында аудан әкімінің орынбасары Шерхан Есжанов хабарлама жасады.

Аудан басшысы мәселені назарға алып, сапалы әрі тиімді жұмыстар жүргізу бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берілді. Бұған дейін кеткен кемшіліктер жиын барысында назарға алынып, бақылауды назардан тыс қалдырған ауылдық округ әкімдерінің жұмысы қатаң сынға алынды.

Сонымен қатар, қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану, қора-жайлардың санитариялық жағдайын қамтамасыз ету және атқарылатын жұмыстардың сапасына қатаң бақылау жасау міндеттелді.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жиын барысында шаруа қожалықтарында кенеге қарсы профилактикалық шараларды үздіксіз жүргізу, малдарды арнайы препараттармен өңдеу және ветеринариялық іс-шараларды күшейту қажеттігін атап өтті.

Аудан басшысы жауапты сала басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

24 маусым 2026 ж. 52 0