Топ-баннер
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВТЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВТЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Ақпарат қоғам өмірінің барлық саласына ықпал ететін маңызды күшке айналған бүгінгі кезеңде журналистердің жауапкершілігі бұрынғыдан да арта түспек. Ел өмірінде болып жатқан оқиғаларды жедел әрі объективті жеткізу, қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал ету, маңызды мәселелерді көтеру – ақпарат саласы қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі.
Журналистика – үлкен жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап ететін сала. Сіздер қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайту арқылы, тұрғындарды өзекті ақпаратпен қамтамасыз етіп, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріне белсенді үлес қосып келесіздер.
Өңірдің тыныс-тіршілігін, жетістіктері мен өзекті мәселелерін халыққа уақытылы әрі сапалы жеткізуде, қоғамдық диалогты дамытуда, азаматтардың үнін естіртуде бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше.
Осы ретте сала ардагерлері мен барша журналистердің қажырлы еңбегіне ризашылық білдіріп, тынымсыз ізденісімен ерекшеленіп жүрген жас мамандарға шығармашылық табыс тілеймін!
Құрметті журналистер!
Сіздердің еңбектеріңіз қоғам үшін әрдайым маңызды. Кәсіби қызметтеріңізге табыс, шығармашылық шабыт, тың бастамалар мен жаңа жетістіктер тілеймін!
Сіздер жаңа медианы меңгеріп, ақпарат айдынында заман көшінен қалмай еңбек етіп келесіздер. Алдағы уақытта да қоғам мен билік арасындағы байланыстың дәнекері ретінде салаға аянбай қызмет ете берулеріңізге тілектеспін!
Өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін.
Мерекелеріңіз құтты болсын!

08 маусым 2026 ж. 12 0