Нұр-Сұлтанда жедел медициналық жәрдем музейі ашылды

Мұнда барлығы 50-ден аса экспонат қойылған. Олардың бір бөлігі осы уақытқа дейін қалалық қосалқы станцияларда сақталған болатын. Бір бөлігін өңірлерден әріптестер ұсынды. "Оларды кез келген адам көре алады, яғни бұл тек біздің қызметіміз бен әріптестеріміз үшін ғана емес. Бұл мектеп оқушылары, біздің қызметтің ардагерлері және қала тұрғындарына да арналған. Коллекция толықтырылады. Біздің қызметіміздің тарихымен байланысты қызықты және құнды заттарды кез келген адам өз қалауымен бізге тапсыра алады", - деп түйіндеді ол.