Сырдың үш ақыны жеңіске жол бастады
Республикалық «Мөлдір Өлең» жобасында жыр әлеміндегі өзіндік үні, өрнекті өлеңі бар ақындарымыз Айдар Сайлауов, Ақжол Түменбай және Аружан Оралбай финалға өтті.Бұл сөз қадірін білетін, өлеңді жүрекпен тербеген ақындар үшін үлкен белес.
Әрқайсысының жырында өз бояуы, өз үні, өз әлемі бар. Ал сол үш әлемнің тоғысып, республикалық деңгейдегі жыр додасында финал төрінен көрінуі қуанышты жаңалық.
«Мөлдір Өлең» — атының өзінде-ақ тазалық пен тұнықтық бар. Сол тұнық жырдың додасында ақындарымыздың қаламы жүйрік, ойы орамды, сөзі салмақты болғай!
Үш ақынның үш түрлі болмысы бір жыр додасында тоғысып, Сырдың сөз өнеріндегі салмағын тағы бір мәрте танытып отыр.










