Құрылыс жұмыстарының сапасы – басты назарда
Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов ауданда салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.«Ақтерек» жер учаскесінде биыл әлеуметтік осал санаттағы, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған 50 пәтерлік тұрғын үй салынуда.
Құрылыс жұмыстарын екі мердігер мекеме жүргізуде. Аудан әкімі мердігерлерге құрылыс сапасына қатаң мән беруді, жобада көрсетілген талаптарды сақтауды және құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде толық аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар, тұрғын үйлерге инженерлік-коммуналдық желілерді орнату жұмыстарын сапалы жүргізіп, бұл бағытта мәселе туындамауын қамтамасыз етуді ескертті.











