Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Республика күні: Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

Республика күні: Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті

Бүгін аудан орталығында 25 қазан – Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтерудің салтанатты рәсімі өтті.

Елдік рухты асқақтатып, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған мерекелік шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы биікте желбіреп, Әнұран орындалды.
Салтанатты рәсімге аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, аудан ардагерлері, жастар, төтенше жағдайлар және құқық қорғау органдарының, әскери қызметтің өкілдері, спортшылар, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты.
Мерекенің мән-маңызын айшықтай түскен шара аясында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдап, елге адал қызмет етуге дайын екендіктерін білдірді.

Республика күні егемендігімізді айқындайтын, бірлігімізді бекемдеп, отансүйгіштік рухты нығайтатын ұлық мереке. Көк Туымыздың биікте желбіреуі тәуелсіздігіміздің, елдігіміз бен ортақ болашаққа деген сеніміміздің символы.

Салтанатты рәсім аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

25 қазан 2026 ж. 53 0