Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мөрәлі Шәменовтің 110 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасы өтті

Мөрәлі Шәменовтің 110 жылдығына арналған облыстық жыр мүшәйрасы өтті

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Кеше М.Шәменов ауылында мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Мөрәлі Шәменовтің 110 жылдық мерейтойына орай «Өнегелі өмір – өшпес тарих» атты облыстық ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.
Тағылымды шараның мақсаты – елінің өсіп-өркендеуі жолында қажырлы еңбек еткен Мөрәлі Шәменовтің өнегелі өмір жолын насихаттап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Кенжеғараұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Мөрәліұлы қатысып, мүшәйраға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыс көлемінен 11 ақын қатысқан мүшәйра екі кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде қатысушылар Мөрәлі Шәменовке арнаған жырларын оқыса, екінші кезеңде еркін тақырыптағы шығармаларын көпшілік назарына ұсынды.
Байқау қорытындысымен Бас жүлде жалағаштық ақын Сәния Жақыпқа бұйырды. І орынды аралдық Ұлықбек Тәңірбергенов, ІІ орынды қызылордалық Бексұлтан Санақұлы иеленді. Ал ІІІ орынға Ақжол Сұлтан, Серәлі Сәтбай және Ізбасар Әбдібеков лайық деп танылды.
Барлық қатысушыларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.
06 қараша 2026 ж. 55 0