Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған Н-ның қылмыстық ісі медиация тәртібімен тоқтатылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Н. 17.04.2019 жылы қонатын жері болмай, досы А-ның үйіне түнеп шығып, тәңертеңгі шәйдан соң үй ішіндегілердің сыртқа шығып кеткенін пайдаланып, жастық астында тұрған досының әкесінің әмиянынан 30 000 теңге ақшасын жасырын ұрлап, үй иелеріне білдіртпей оқиға орнынан бой тасалаған.
Алайда, сотқа кәсіпқой медиатор А.Үмбеталиевпен куәландырылған медиативтік келісім ұсынылған. Медиативтік келісімге сәйкес, жәбірленуші мен сотталушы татуласқан, келген зиян қалпына келтірілген, жәбірленуші сотталушыға ешқандай талап қоймайды.
Осының негізінде сотталушы Н. қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
27 мамыр 2019 ж. 500 0