Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жол бойындағы полиция бекеттері жабылады

Қазақстанда жол бойындағы полиция бекеттері жабылады

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди қазақстандық автокөлік жолдарындағы полиция бекеттерін жабу туралы сөз қозғады,

«Ішкі бекеттер қысқартылып, тек еліміздің периметрі бойынша қалады. Олар өз ішінде қысқарылатын болады. Ал 300-ге жуық қызметкер күшейтуді қажет ететін қызметтерге ауыстырылады», - деді Алексей Калайчиди.
Бекетке негізделген үйлердің өзі енді басқа мақсатта қолданылатын болады.
«Бекеттердің өзі қонақүйлерге беріледі. Олар жылыту үшін және дағдарыстық жағдайларда қолданылады. Сондай-ақ, қалаларға кіретін жерде тұратын бекеттер де жабылады, олар біртіндеп қысқаратын болады», - деді Калаичиди.
Оның айтуынша, жабылатын бекеттердегі полиция қызметкерлеріне жұмыс орындары дайын, ешкім жұмыссыз қалмауы керек.
Ол сондай-ақ, мұндай шаралардың қалаға кіргізетін тыйым салынған заттардың өсуіне әсер етпейтініне сенім білдірді.
28 мамыр 2019 ж. 722 0