Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тараз қаласында Отбасы орталығы ашылды

Тараз қаласында Отбасы орталығы ашылды

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараз қаласындағы «Достық» үйінде Отбасы орталығы ашылды. «Отбасылық сот» қанатқақты жобасы шеңберінде пайдалануға берілген орталықтың негізгі қызметі жанжалдасқан ерлі-зайыптыларды татуластыруға және ажырасудың алдын алуға бағытталған.

«Мұнда, сонымен қатар, татуластырушы судьялардың, медиаторлардың, психологтер мен социологтердің қатысуымен отбасылық-неке дауларын сотқа дейін және соттан тыс реттеу шаралары жүзеге асырылады. Бұл аймақтағы жас шаңырақтардың шайқалуының алдын алып, ажырасу деректерін азайтады деген ойдамыз», дейді Жамбыл облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков.
Ал өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Мухаббат Миражапова жаңа нысанның дер кезінде ашылғанын, қазіргі таңда осындай орталықтар барлық аймаққа керек екенін әңгімеледі.
«Көріп тұрғанымыздай, мұнда  шаңырағы шайқалмаған тату-тәтті отбасының фотосуреті қойылған. Осының өзі екі тараптың өз райынан қайтып, қайта табысуына септеседі. Жалпы, отбасы орталығы неке мәселелеріндегі құқықтық мәдениеттің деңгейін арттырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алатынына сенімім мол», - дейді ол.
 
https://baq.kz


06 маусым 2019 ж. 583 0