Заңсыз сыйақы жазалануға бастайды
Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңдағы тек қазақ қоғамы үшін ғана емес, әлем халықтары үшін де қауіпті дертке айналып отыр. Осы қауіппен күресу жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Елбасы да осы жайында жыл сайынғы Жолдауында дәстүрлі түрде атап өтіп, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу және алдын алу шараларын нығайтуды жете тапсырып келеді.
Осыған орай Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясында қоғамда көрініс беріп жүрген осынау келеңсіздікті болдырмау мақсатында «Заңсыз сыйақы алуға жол жоқ» тақырыбында жиын болып өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас мамандары М.Ысқақов пен А.Сәлімжанның арнайы қатысуымен өткен бұл жиынға мектеп директорлары мен орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, жеке және мемлекеттік балабақшалар басшылары мен мұғалімдер жиналды.
Жиынды алғаш болып ашқан аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова барша қатысушыларды көктеммен қатарлас келетін мерекелерімен құттықтай келе, жиынның басты тақырыбын әңгімесіне арқау етті.
Одан соң, аталман департамент маманы М.Ысқақов көпшілік алдында баяндама жасады. Жең ұшынан жалғасқан бұл әрекеттің бірі, жиі белең алып жүрген заңсыз сияқы алу мен ұсыну және парақорлық түсініктеріне кеңінен сипаттама беріп, айырмашылығын ашып көрсетті. Келеңсіздікке себепші болған әрбір жанның заң алдындағы жауапкершілігі бірдей. Сондықтан, халық пен билік арасындағы алауыздықты тудырушы осы фактор негізінде қолданылатын жаза шенді-шекпенді немесе қарапайым халық деп бөліп қарамайтынын арнайы дайындалған бейнебаян арқылы түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, осы бір әрекет төңірегінде жүргізіліп жатқан түрлі статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, жетістікке жетудің жеңіл жолына итермелейтін жағдаяттарға талдама жасады. департамен тарапынан жүргізіліп жатқан көлемді шараларды да өз баяндамасында сөз етті. Бұл адалдықтың ақ жолында бүкіл қазақ елі болып ат салысып, қоғамды жалмаған жегі құрттан құтылу үшін арнайы сенім телефоны жұмыс жасап тұрғанын тағы бір мәрте еске салып өтті.
Ал, осы тақырып төңірегінде түйін тарқатқан А.Сәлімжан жалғап, сыбайластық әрекеттеріне тосқауыл қоюдың тиімді жолдары мен мүмкіндіктерінің зор екендігін атап өтті.
Еркін форматта өткен бұл басқосу соңы қатысушылардың ұсыныс-пікірлеріне ұласып, көңілге қонымды жауаптарын алды.
О. ЖОЛДАСОВ.