Атадан мал қалғанша, тал қалсын
Көпшілікке үлгі боларлық бастаманың басында жүрген жандар көп. Елдің дамуы мен ажарының айшықталуына айрықша мән беретін азаматтардың бірі – Қазыбек би көшесі комитетінің төрағасы Бауыржан Қартбайұлы Садықов.
Бауыржан ағаның ел үшін жасаған жұмыстарын ешкім жоққа шығара алмас. Бүгінгі күнді ғана ойлап қоймайтын ел ағасы келер ұрпақтың да жағдайын күйттеп, олардың еңселі, салауатты болып өсуіне де өзіндік үлесін қосып, азамат ретінде аудан тарихында қолтаңбасын қалдыра білді. Оған ағамыздың төмендегі сөздері дәлел бола алады.
– Мені ертеңгі күн қатты алаңдатады. Тек мені ғана емес, әрбір қала тұрғынын осы мәселе толғандыратынын байқаймын. Олай деуіме басты себеп–мына үйімнің алдында тұрған спорт алаңы. Кешкілік көшеге шығамын. «Адамның бір қызығы бала деген» деп хәкім Абай айтқандай, өз балаларымды есік алдына ойнатып, тәтті қылықтарын сырттай тамашалап отырамын. Бірақ, есік алдындағы тас жолда жүйткіп жатқан көліктер елең еткізбей қоймайды. Балалардың да еркін ойнауына мүмкіндік бермей, «әй, ары ойна, бері ойна» деп жүреміз. Тек менің емес, осы көшедегі 60 үйдің азаматтары балаларының соңында жүреді. Доп қуып, асық атып жүрген кішкентайлардың «тәйтпен» өскеніне көңіліміз қынжылатын. Міне, осының барлығын көріп отырып, сонау 2006 жылы осы «Достық» спорт алаңын салуды ұсындым. Көше тұрғындарының барлығы қуанып, қосыла кетті. Осылайша ауыл болып бір спорт алаңын салып, балақайларды да қуанышқа бөлегенбіз. Қуанса, бала қуансын демей ме?
Енді міне, тағы бір жұмыс бастап жатырмыз. Күш бірлікте екенін көпшілікке көрсеткіміз келеді. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дегендей, көше бойына ағаш отырғызуды бастап кеттік. Бірақ жаңа өсіп келе жатқан жас шыбықтарға бала да, төрт түлік те әуес келеді. Бірін үзіп, бірін сындырып жатады. Осы қиындықтарды болдырмау үшін тағы да көше азаматтары жиналып, ағаштар тамыр жайып, орнығып кеткенше ағашпен қоршап жатырмыз. Сондай-ақ қартқа құрмет көрсетуді мақсат тұтқан жастар зейнеткер көршілеріміздің есігінің алдына өздері ағаш көшеттерін отырғызып, алғысына бөленіп, батасын алып жүр. Жастар жалынды, үлкен сыйлай алатын болып өссе, біздің берген тәрбиеміздің жемісі деп білемін. Бізден бақытты жан болмайтыны да анық, – дейді.
Біз де ағамызға ағаштың көлеңкесін саялап отырып, өздері үлгі көрсеткен кейінгі ұрпақтарының қызығы мен рахатына бөленсін дейміз.
О. Жексембай