19 тұрғын үй зақымдалып, терезелердің 70%-і сынған: Жеңіс Қасымбек Арыстағы жарылыс туралы
Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Арыс қаласында болған өрттен кейін қаланың қандай күйде екенін айтты,
«Алдын ала деректер бойынша Арыс қаласында өрттен 19 тұрғын үй мен 9 ғимарат зардап шеккен. Электр желілері бұзылған. Жарылыс салдарынан қаладағы үйлердің әйнегінің
60-70%-і сынған», - дейді Жеңіс Қасымбек.
Әрі қарай премьер-министрдің орынбасары материалдық залалдар туралы нақты мәліметтер комиссияның материалдық залалды бағалау жөніндегі сауалнамасы төңірегінде анықталатынын айтты.
«Комиссия жұмысы қорғаныс министрлігінің саперлік бөлімшелері жұмысы біткеннен кейін басталады. Әкімдер тарапынан өтініш беріліп, тиісті есептеулер жасалғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік материалдық резервінен құрылыс материалдары бекітіледі. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар мен әкімшілік жұмыстарға дайындық жүргізіп жатыр. Нәтижелер бойынша қосымша деректер жарияланады», - деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, Арыстағы жарылыстан екі адамның ажал құшқаны туралы хабарлаған едік.