Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Самала шамдар сән берген

Самала шамдар сән берген

Жақында Сексеуіл кентінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, екі көше ерекше кейіпке енді. Тұрғындар тілегімен жасалған игі іс көшенің ажарын айшықтап тұр.
Кент әкімі Сәкен Төрешов бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.
– Бұған дейін де біраз көше жарықтандырылды. Кент аудандағы ең үлкен елді мекен болғандықтан ауыл іші де соған сай болу керек деп ойлаймын. Әсіресе асфальт төселген көшелер көріктенгені дұрыс. Қазір тұрғындар алғысын айтуда, – дейді.
Сексеуіл кентіндегі екі көшеге барлығы 30 бағана орнатылған. Жұмыстың жалпы құны 4 миллион 100 мың теңгеге жуық. Алдағы уақытта да шам орнатуды қажет ететін көшелерге көңіл аударылмақ.
«
Толқын» ақпарат
25 маусым 2019 ж. 875 0