Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Магистратураға түсу шарттарына өзгеріс енгізілді

Магистратураға түсу шарттарына өзгеріс енгізілді

Магистратураға түсу шарттарына өзгеріс енгізілді. Ендігіде грант ЖОО-ларда берілмейді. Магистратураға үміткерлер арнайы Ұлттық тестілеу орталығы арқылы емтиханнан өтетін болады

Грантқа өтінім қабылдау осы сенбіге дейін беріледі. Сондай-ақ, магистратураға түсушілер үшін емтихан үш пән бойынша жүргізіледі. 
Ұлттық тестілеу орталығынан дау арылмай келеді. Сол себептен тестілеуді дайындауда талапты күшейткен. 
"Қорапшаның сырты да арнайы желімделген қағазбен бекітіледі. Егер қағаз бір рет ашылған болса, онда оны қайтадан жапсыру мүмкін емес", - дейді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу басқармасының басшысы Роллан Серіков. 
Ал сұрақ-жауаптар біреудің қолына түсіп кетпеу үшін оныңы қауіпсіздігіне басқа емес, ұлттық қауіпсіздік комитеті бақылауға алған. Ол кабинетке мекеме басшысын да, министрді де жолатпайды.
ҰБТ тестілеудің сұрақтары жыл сайын өзгеріп отырады.
https://stan.kz
21 шілде 2019 ж. 1 330 0