Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 29 қазанға арналған ауа райы болжамы

29 қазанға арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады baq.kz

Кей жерде көбінесе жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Кей жерде жел күшейеді, тұман күтіледі.   
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының кей жерінде, түнде Қостанай облысында кей жерде желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, Қостанай облысында кей жерде тұман күтіледі. Ақмола облысында түнде жел 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20, екпіні 23-25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі. Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

 


29 қазан 2019 ж. 550 0